Жексенбі, 05 ақпан, 15:37

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Асық ату мен бес асықтан облыс біріншілігіне іріктеу турнирі өтті

12.12.2022

29

0

Қазақ ұлттық ойындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Жалпы, қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді.

Мәселен, асық ойыны – қазақ ұлттық ойындардың ішінде аса танымалы және қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі. Сондықтан ғасырлар бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланып келеді. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулуға болады.

Осы орайда, 2022 жылдың 9 желтоқсан күні Қармақшы ауданында 2022 жыл «Балалар жылына» орай асық ату мен бес асықтан 2009-2010 және 2011-2012 жылы туылған  жасөспірімдер арасында облыс біріншілігіне іріктеу болып өтті.

Спорттық шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, облыс көлемінде ұлттық спорт түрі асық ату мен бес асық атуды дамыту болып табылады. Спорттық іс-шараға бес асықтан 6 команда, асық атудан 7 команда, жалпы 50-ге жуық спортшы қатысты.

Жеңімпаз және жүлдегер спортшыларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, медалдары мен сыйлықтары табысталды.
 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: