Жексенбі, 12 шiлде, 00:33

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жалағашта «Harvest Agro» компаниясының агроөнеркәсіптік кластер жобасы қарқынды жүзеге асырылуда

10.07.2026

22

0

741167919 1327489309572310 8174982253202731868 n
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде егіс алқаптарын аралады. «Harvest Agro» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және соя өсіру, оларды қайта өңдеуге бағытталған агроөнеркәсіптік кластер жобасының қазіргі жай-күйімен танысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

745305362 1327489216238986 3635621614536601662 n

Жобаға Қаракеткен ауылдық округінен 22,5 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Оның 5 мың гектарына жүгері, 2 мың гектарына мақсары егілген, 142 жаңбырлатып суару қондырғысы жұмыс істейді. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін жылына 60 мың тоннаға дейін техникалық қарасора, 70 мың тонна жүгері және 20 мың тонна соя өңдеу жоспарланып отыр.

741636103 1327489209572320 7039334286004427580 n

Өндірілген өнім ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де экспортталады.

Қазіргі таңда 26,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 100 тұрақты жұмыс орны құрылған. Егіске және өндірістік жұмыстарға 50 техника жұмылдырылды.

743261672 1327489252905649 71742692128964812 n

Жер көлемін, су пайдалану лимитін ұлғайту, жаңбырлатып суару жүйесін енгізу, электр желісін тарту және жоба-сметалық құжаттарды әзірлеу қолға алынған.

Айта кетейік, биыл өңірде жалпы 185,8 мың гектарға егін, оның ішінде дәнді дақылдар 89,7 мың гектарға, майлы дақылдар 6,1 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 16,8 мың гектарға егілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылмен салыстырғанда күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқартылды. Биыл 70 мың гектарға күріш егіліп, суға бастырылды.

Оның 31,3 мың гектары үстеп қоректендіріліп, 53,3 мың гектары арамшөптерге қарсы өңделді. Қазір 19,8 мың гектары түптену, 46,2 мың гектары түтікке шығу, ал 4 мың гектары масақтану кезеңіне өтті.

741828078 1365509868836363 797312200518103070 n
742324870 1327489242905650 1712359989139204072 n
742111155 4588131841431202 7297278959311222267 n
743877217 1009884054981680 7992168598998343136 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика