Жексенбі, 19 мамыр, 12:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қызылордалықтармен кездесті

05.05.2024

265

0

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қызылордалықтармен кездесті

ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келіп, «Достық үйінде» тұрғындармен кездесу өткізді. Онда медицина саласының жұмыс барасымен алдағы жоспары және тұрғындардың мәселесі тыңдалды.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналиев сөз сөйлеп, денсаулық сақтау мининстрі Ақмарал Әлназароваға алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сөз кезегін берді.

– Халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мақсатында Министрлік халықтың ұсыныс-пікірлерiне талдау жүргізiп, ұдайы жұмыс жасап келедi. Мәселен, біз қолданыстағы анықтамалардың 27 түрін 2 есеге, яғни 10-12 анықтамаға дейін қысқарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Пациенттерге ыңғайлы болу үшін жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулардың тізбесі жалпы жиынтықта 42 зерттеуге қысқартылады және олардың қолданылу мерзімі 6 айға дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектердің тізімдері және оларды алу тетіктері қайта қаралуда, – деді Ақмарал Әлназарова.

Бүгінгі күні еліміздің 7 өңірінде яғни Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары бойынша жаңа пилоттық жоба іске асуда. Бұл «Бір күндік клиника» жобасы жүкті әйелдерге пренаталдық диагностиканың инновациялық әдістерін жүргізуге және патологиясы бар баланың туу қаупін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Қызылорда облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін 19,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен  жылмен салыстырғанда 9%-ға өскен. Ал тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша биыл 17,6 млрд.теңге бөлінген. Оның 9,6 млрд теңгесі  стационарлық деңгейге арналса, қалған 8 млрд  теңгесі амбулаториялық деңгейге бөлінген.

Денсаулық сақтау минстрінің айтуынша, Қызылорда облысына медициналық техниканы сатып алуға 8,6 млрд.теңге қаражат бөлінген. Себебі осы арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында өңірдегі 27 ауылға медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Нақтырақ айтатын болсақ ауылдарға медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салынбақ.

– Ұлттық жобада Шиелі, Қазалы, Жаңақорған және Арал аудандық ауруханаларына күрделі жөндеу жүргізу және медициналық жабдықтармен жарақтандыру арқылы жаңғыртужұмыстары көзделіп отыр. Алдағы уақытта медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар белгілі бір уақыт пен ресурстарды талап етеді. Деседе біз медицина қызметін халыққа сапалы әрі қол жетімді болуы үшін тиісті жұмыстар атқарамыз, – дедi Ақмарал Әлназарова.

Мұнан соң сөз кезегі аймақтың бас дәрігері Олжас Ысқақовқа берілді. Ол өңiрдегi медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

–   Бүгінгі күні облыс халқына 25 стационарлық, 26 амбулаториялық емхана және 100 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік-акушерлік бекет пен 97 медициналық бекет қызмет көрсетіп келеді. Жалпы облысымызда 3000-ға жуық  дәрігер мен 12 мыңға жуық орта мамандар қызмет еуде. Республика бойынша дәрігерлермен қамтамасыз ету бойынша 7 орында болсақ, орта буын мамандарымен қамтамасыз ету бойынша бірінші орындамыз. Деседе тәжірибелі дәрігерлер  жетіспеушілігі тек қана қалада орын алып отыр. Осы дәрігерлердің тапшылығын азайту мақсатында, мамандармен тікелей өзімен сөйлесіп, 2 жылдық немесе соңғы оқу жылы болсада соны қарастыра отырып, өзімізге шақырамыз. Одан бөлек өңірдегі қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру үшін 144,9 млн теңге бөлінген болатын. Олар Түркі елінде 2 апта білімін жетілдіріп, мамырдың басында 10 раениматолог пен 5  кардиолог мамандарымыз келді. Деседе биыл мамандардың арнайы шетелде біліктілігін арттыруға бөлек 55 млн қаражат бөлінді, – деді Олжас Ысқақов.

Сондай-ақ аймақтың бас дәрігері облыстағы медицина саласы бойынша жүргізілген құрылыс нысандарын айтып өтті.

Сонан соң тұрғындар  медициналық кеңес пен медициналық көмектің қолжетімділігі, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық кадрларды даярлау туралы және тағы да басқа өзек мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңында медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханұлы денсаулық сақтау министрінің жаңа қызметiне сәттiлiк тiлеп, ақ батасын бердi.

Шара аяқталған соң денсаулық сақтау министрі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Н.Мұқатаева

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: