Жұма, 29 наурыз, 01:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Азық-түлік бағасына мониторинг жасалды

28.07.2022

423

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан құрылған аймақ бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірқатар сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізді.

Арнайы жасақталған мониторингтік топтың құрамында партия жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау комиссисының мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен белсенділері, БАҚ өкілдері бар.

Сараптама барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екенін анықталды. Осы орайда топ мүшелері кәсіп иелеріне бағаларды тұрақты ұстап тұруға және бағаны негізсіз көтеру жауапкершілікке тартылатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Мұндай қоғамдық бақылау жұмыстары бүгін барлық аудандарда өткізілуде.

Тағы да оқыңыз: