Бейсенбі, 21 қараша, 16:48

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мектеп асханаларындағы ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесі талқыланды

28.08.2024

438

0

Мектеп асханаларындағы ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесі талқыланды

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіздігі партияның Сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан.

Осы бағытта «AMANAT» партиясы жанындағы Партиялық бақылау Комитетінің отырысы өтіп, онда орталық және жергілікті атқарушы органдарда қызмет жасайтын партия мүшелерінің мектеп асханаларында ыстық тамақты ұйымдастыру бағытында атқарған жұмыстары талқыланды.

Отырысқа өңірден бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов және партияның облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Базара Танбаева қатысты.

Жиында Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары әкімдерінің орынбасарлары есеп берді.

Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша өңірде ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға жергілікті бюджеттен 9 млрд тг қаржы бөлінген. Мектеп-интернаттарды қоспағанда облыстағы 297 мектептің 290-да ыстық тамақ, 7-інде буфеттік құрғақ тамақ ұйымдастырылған.

«Биыл бірінші жартыжылдықта 87 331 бала, оның ішінде әлеуметтік осал топқа жататын 35 067 бала, бастауыш сыныптардағы 52 264 бала 100 пайыз тегін тамақпен қамтылған. Білім беру ұйымдарында ас мәзірінің нормалары ҚР Үкіметінің №320 қаулысының №15 қосымшасына сәйкес жас ерекшілігіне қарай ұйымдастырылып отыр. Бір реттік тамақтану құны орта есеппен 580 теңгені құрайды. Азық-түліктің нарықтық бағасының өсуіне орай тамақтануға бөлінетін қаржы жыл сайын 10-12% көтеріліп отыр», – деді өңірде атқарылған жұмыстарды баяндаған облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов.

Буфеттік құрғақ тамақ ұйымдастырылған жеті мектептің 4-і Арал, 3-і Шиелі аудандарына тиесілі. Бұл мәселенің алдын алу бағытында нақты жұмыстар қолға алынған.

«Арал, Шиелі аудандары бойынша 7 мектеп ғимараты асхана ашуға талапқа сай келмеуіне байланысты бұл білім ордаларында тегін буфеттік тамақ ұйымдастырылған. Бұл мектептерде 289 бала білім алса, олардың 223-і тегін буфеттік тамақпен қамтылып отыр. Қазіргі таңда, Арал ауданындағы Ақшатау және Тоқабай елді мекендеріндегі мектептердің құрылысы демеушілермен жүргізіліп жатыр. Шиелі ауданы, Жансейіт елді мекеніндегі №133 негізгі мектептің жаңа ғимараты жақын күндері пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жаңа мектепте 40 орындық асхана қарастырылған. Келесі жылдан бастап мұндағы 51 бала ыстық тамақпен қамтылады. 2021-2025 жылдар аралығында өңірде 236 мектептің асханасына жабдықтау жұмыстарын жүзеге асыру көзделсе, биыл 47 мектептің асханасы жабдықталды», – деді облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов.

Атап өтейік, мектеп асханасындағы тамақтандырудың сапасына бақылау жасау мәселесі де назардан тыс қалмаған. Бұл үшін Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен ведомствоаралық сараптамалық тобы бекітіліп, әр мектепте бракераждық комиссия құрылған. Биыл сараптамалық топпен 112 білім беру ұйымында бақылау жүргізіліп, кемшіліктер мен занбұзушылықтарды болдырмау үшін тиісті шаралар қабылданған. Бұл бағыттағы жұмыстарға өңірлерде Партиялық бақылау комиссияларымен жалғасын табатын болады. 

5.jpg
6.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика