Сәрсенбі, 13 мамыр, 18:14

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс

09.05.2026

25

0

693415394 1274200308234544 8433894005984723037 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлердің қатысуымен «Тағзым алаңында» 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

690913600 1274199771567931 6094077913524181548 n

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз», — деген болатын.

Майдангерлердің ерен ерлігін, шексіз батырлығын жадымызда жаңғырту, оларды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.

Ел басына күн туып, ер етігімен қан кешкен қиын-қыстау заманда даңқты бабаларымыз батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Бүгінгі ұрпақ бейбітшілік аспаны астында, аштық пен суықты, сұрапыл соғыстың зұлматын көрмей, Тәуелсіз Отанымызда алаңсыз өмір сүруде.

Батыр бабаларымыз қол жеткізген қасиетті де ұлы ерлік ел жадында мәңгі сақталады! Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болғай!»— деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Салтанатты шарада соғыс қаhармандары құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, Мәңгілік алауға гүл қойылды.

692981657 1274199981567910 919363281592476827 n
689486321 1274199571567951 7126849904258455782 n

Еске салайық, соғыс жылдары Қызылорда облысынан 70 мыңнан астам азамат майданға аттанған. Оның 30 мыңнан астамы қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткен, 22 азамат Кеңес Одағының Батыры атанып, 20 мыңнан астам жауынгер түрлі орден-медальдармен марапатталған.

689486302 1274199848234590 2208652107678462368 n
689491418 1274199704901271 5196042194738482578 n
691912735 1274199931567915 8542418462981227057 n
695095517 1274200088234566 107017277063337712 n
default

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика