Сәрсенбі, 13 мамыр, 18:13

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы ел ағаларымен кездесті

11.05.2026

19

0

689480450 1276142448040330 4867208773015564726 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев алғашқы жұмыс сапарын Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешенінде ел ағалары, зиялы қауым өкілдері және ардагерлермен кездесуден бастады, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оған Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев, облыстық мәслихат төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыстық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

689013252 1276142524706989 4073447840805855239 n
689013313 1276142458040329 5658881180943998374 n
689482075 1276142271373681 7310062693468064587 n

Кездесуде аймақ басшысы ақсақалдардың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталып, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен ой-пікірлері қашанда маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, ел ағаларының ұсыныстары мен ақыл-кеңестері әрдайым ескерілетінін жеткізді.

Ардагерлер облыс басшысының алдағы істеріне сәттілік тілеп, алғашқы қадамды жиналыстан емес, киелі орыннан, тағылымды кездесуден бастағанына ризашылық білдірді.

Мұрат Нәлқожаұлы Марал ишан кесенесіне де арнайы барып, ондағы атқарылған жұмыстармен және қазіргі жағдайымен танысты.

695736106 1276142381373670 3288561272868937150 n
692354481 1276142508040324 5435895147209924439 n

Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырым жердегі кесененің төлқұжаты облыстық бюджет есебінен жаңартылып, қорғау тақтасы орнатылды. Жергілікті маңызы бар микросакралды киелі орындар тізіміне енгізілді. Ал 2018 жылы аудандық бюджет есебінен жаңғыртылып, облыстық бюджет қаржысына 3D форматтағы интерактивті карта әзірленді.

2024 жылы облыстық бюджеттен 252,3 млн теңге бөлініп, 6,5 шақырым «Жалағаш – Жосалы – Марал ишан» автомобиль жолы жөнделді.

696934529 1276142374707004 2516425424886714623 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика