Сәрсенбі, 13 мамыр, 18:15

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Айбыны асқақ, айбары мықты азат ел» атты салтанатты шара өтті

07.05.2026

44

0

689492779 1272589818395593 6173788912747330858 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Өнер орталығында» 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Айбыны асқақ, айбары мықты азат ел» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым, ғылым саласының қызметкерлері қатысты.

Салтанатты шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары ардагерлер мен әскери қызметкершілерді мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

688740556 1272590028395572 7819799875440677582 n

«Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен, Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшымыз – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қазақ – даңқты тарихын ат тұяғымен жазған халық. Біз ұлан-ғайыр жерін жауға бастырмаған батыр елдің ұрпағымыз. Алапат соғыста жеңіске жеткен қаһарман ерлердің ізбасарымыз. Қазір еліміздің күштік құрылымдары Қазақстанның қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп тұр. Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы», – деген болатын.

Бүгінде Тәуелсіз мемлекетіміздің Қарулы Күштері ерлік пен батылдықтың озық үлгісін көрсетуде. Соның арқасында әскери қызметшілеріміз БҰҰ аясындағы түрлі бітімгерлік операцияларға қатысып, өздерінің кәсібилігі мен жоғары деңгейдегі жауынгерлік машығын дәлелдеп келеді. Бүгінде әскерилерді, құқық қорғау, азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлерін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға баса көңіл бөлінген.

Жалпыұлттық бірлік пен саяси тұрақтылықтың нәтижесінде елдің сырты жаудан, іші даудан аман болып, мемлекетіміз орнықты дамуда. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз, Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды құру жолындағы барлық бастамамыз сәтті жүзеге аса берсін. Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», — деді Данияр Еренғалиұлы.

690035669 1272589851728923 3917161828111228513 n

Мерекеде Сыр өңіріне арнайы келген ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев құттықтау сөз сөйледі. Отанға кәсіби біліктілігімен қалтқысыз қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер марапат төрінен көрінді.

Шара тыл ардагерлеріне гүл шоқтарын тарту ету рәсіміне, концерттік бағдарламаға ұласты.

690932306 1272589885062253 4846877627655809825 n
689490096 1272589841728924 2726103356737759918 n
689890752 1272590035062238 6660935571289966062 n
692140835 1272589971728911 7481044482527968943 n
692598761 1272589981728910 5115891410985334269 n
689489801 1272589825062259 9102187369998124602 n
693352907 1272589921728916 39894419167430075 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика