Сәрсенбі, 13 мамыр, 18:16

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті

09.05.2026

21

0

691899497 1274375034883738 180733495744455020 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Өнер орталығында» даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған «Алты Алаштың арысы — Ер Жалаңтөс!» атты республикалық ақындар айтысының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатқа облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысты.

Республикалық айтысқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, айтыскер ақын, «Алтын домбыра», мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков, Мәдениет қайраткері Кенжебай Жүсіп қазылық етті.

689020555 1274417508212824 970060305749675418 n

Аламан доданы белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев тізгіндеді.

Жыр додасы жасанды интеллект көмегімен жасалған Жалаңтөс Баһадүр образындағы тақырыптық монологпен басталды.

Ашылу рәсімінде Мейрамбек Зинабдинұлы еліміздің әр өңірінен жиналған айтыскер ақындарға сәттілік тіледі.

«Ұлы Жеңістің 81 жылдығы күні даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тарихты білу дегеніміз – өткенмен өмір сүру емес. Біз тарихымызды терең білу және одан тағылым алу арқылы өткеннің қателігін қайталамайтын, Ұлы даланы мекендеген ұлы бабалар жолын лайықты жалғастыра алатын ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз», — деген болатын.

Жалаңтөс Баһадүр — Қазақ хандығының сындарлы кезеңінде саясаткер әрі қолбасшы болған, ел есінде мәңгі сақталған бірегей тұлға.

Аймағымызда батыр рухына арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Соның ішінде бүгінгі республикалық айтыстың маңызы ерекше. Себебі қатысушылардың бәрі — бейбіт күнгі батырлар бейнесін өлеңмен өріп, ұрпаққа рухани тәрбие сіңірген тарландар.

Сөз – қуатты құрал, ақын — сөз құдіретін кеудеден қорытып шығарып, ой-санаға құюшы. Сондықтан бүгін ерлік даңқы аспандайтын күн болмақ. Сөз жүйріктеріне батыр атын асқақтатып, ел рухын көтеріп, көмбеге сүрінбей жетіп, бәйгелі болыңыздар дейміз! Баршаңызға сәттілік тілеймін!», — деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

697137707 1274417848212790 3671002086782792011 n

Айтыс аламанында 12 ақын бақ сынады. Қорытындысында Шығыстың ақын қызы Жұлдызай Маратбек бас жүлдені иеленсе, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, жерлесіміз Мұхтар Ниязов I орынды қанжығасына байлады. II орынды Қызылжардың құлагері Хавдолла Бейісхан алса, III орынды қыз бен жігіт айтысының жүйрігі Мақсат Ақанов пен Сырдың талантты перзенті Мейірбек Сұлтанхан өзара бөлісті. Ал Жалаңтөс Баһадүр атындағы арнайы жүлдемен белгілі айтыскер ақын Дидар Қами марапатталды.

689021860 1274417438212831 3292807236461852622 n
690237335 1274417908212784 3188762173801772639 n
697066313 1274417504879491 1449051986423777358 n
690495520 1274417354879506 7202172701567032526 n
690855999 1274417224879519 5910141947526536555 n
691882941 1274417711546137 3478601555752757830 n
697051344 1274417638212811 541007215422529357 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика