Сейсенбі, 26 мамыр, 19:38

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңа өндірістік кешен іске қосылды

26.05.2026

4

0

default
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Марал Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жолаушы вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге арналған жаңа өндірістік кешені іске қосылды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада аймақ басшысы елімізде машина жасау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерге сәйкес, тұрақты әрі болжамды инвестициялық орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

706219805 1288512183470023 6986003971642484763 n
706189954 1288512406803334 2571044422776898460 n

Кейінгі жылдары өңірде машина жасау саласы қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері 7,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,7 пайыз болған.

Өңірдің географиялық жағынан тиімді орналасуы да көлік-логистикалық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Атап айтқанда, Қызылорда облысы халықаралық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойында орналасқан. Облыс аумағынан 1 мың шақырымнан асатын магистральдық теміржол желісі өтеді. Жыл басынан бері 400 мыңнан астам жолаушы және 6 млн тоннадан астам жүк тасымалданған.

Жаңа кешен жылына 600-ден астам вагонға техникалық қызмет көрсетеді, 100 жаңа жұмыс орны ашылады.

706317331 1288512096803365 4510958485284488489 n
706336970 1288512323470009 6385789250039935336 n

Облыс әкімі шетелдік серіктестерге, соның ішінде Қытай Халық Республикасынан келген инвесторларға көрсетілген сенім мен ынтымақтастық үшін алғыс білдірді. Отандық және шетелдік инвесторлармен ашық әрі тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті.

Жиында жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыс прокуроры Ризабек Ожаров, «Марал Нұр» ЖШС құрылтайшысы Мұрат Нұрсайытов сөз сөйлеп, ел ағасы Айтбай Көшербаев ақ батасын берді.

708243798 1288512086803366 4178739040100900736 n
706651008 1288512250136683 409899380783981684 n

Айта кетейік, өңір экономикасын әртараптандыру және жаңа өндіріс орындарын ашу мақсатында алдағы үш жылға 1,9 трлн теңгенің 48 инвестициялық жобасы жоспарланып отыр. Бұл жобалар аясында 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Биыл 100 млрд теңгеге 21 инвестициялық жобаны іске қосу көзделсе, алдағы уақытта құны 1 трлн теңгеден асатын 14 ірі жобаның құрылысы қолға алынады.

Жақын күндері испандық «Roca Group» компаниясының санитарлық-техникалық бұйымдар зауыты мен «Seven Rivers» компаниясының неміс технологиясы негізінде шыны ыдыстар шығаратын зауытының құрылысы басталады.

706237360 1288512370136671 4769393488717442029 n
707679164 1288512456803329 8740727595389112259 n
706417805 1288512360136672 6338692596166170087 n
706504963 1288512160136692 8567156144978803002 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика