Жексенбі, 05 мамыр, 16:31

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жыр жүйріктерінің бас жүлдесі

01.10.2023

228

0

Сыр бойындағы сөздің қадірін, өнердің бағасын білетін ағайын бір аптаның ішінде екі бірдей жыр жүйрігінің республикалық айтыста жүлделі болғанына қуануда. Алдымен Жамбыл облысы Сарысу ауданының 95 жылдығына арналған республикалық айтыста Нұрмат Мансұр бас жүлдені иеленді. 

Айтыстың ақтаңгері Мұхтар Ниязов Алматыда өткен қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған республикалық аламанда бас бәйгені жеңіп алды.

Халқымыздың рухын көтеріп, жан дүниесін байытатын өнердің ерен жүйріктерін жеңістерімен құттықтаймыз.

Өнер киесі қонған өңірдегі рухани сабақтастықтың алтын арқауы үзілмегей!

kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: