Дүйсенбі, 27 шiлде, 13:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада Ұлттық ұланның 200 жас сарбазы әскери ант қабылдады

26.07.2026

5

0

5ce6b0b3 2d9a 4ed7 be3e 25370e419266

Қызылорда қаласындағы «Президент саябағында» Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімінің 200 жас сарбазының әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

​Салтанатты іс-шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б. Жаханов, облыс прокуроры Р.Ожаров, әскери проркурор Р.Снопов және сала ардагері С.Ршауов, әскери бөлімнің басшылығы, құқық қорғау органдарының өкілдері, жас сарбаздардың ата-аналары қатысты.

1deb7414 690f 4191 9399 7a7743f3dddf

​Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, сарбаздар салтанатты сапқа тұрғызылып, Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

Облыс әкімінің орынбасары әскери қызметте үздік нәтиже көрсеткен 10 жас сарбазға облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.

​Шара барысында қонақтарға әскери бөлімнің қару-жарағы мен арнайы техникалардың көрмесі таныстырылды.

62e265c3 edd2 450c 8c01 429e9e935f6d
58f7e619 b94e 447e a64a 28c491a4b8ea
9cfc04b3 89cd 4003 a4b3 6e9f4810b519

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика