Сәрсенбі, 29 шiлде, 16:15

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласында «Адам саудасына жол жоқ» атты профилактикалық акция өтті

29.07.2026

10

0

b0faa57a 675f 4546 8162 b02628762975

30 шілде – Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай Қызылорда қаласының теміржол вокзалында адам саудасының алдын алу және еңбек қанауының құрбандарын анықтау бағытында «Адам саудасына жол жоқ» тақырыбында профилактикалық акция ұйымдастырылды. Іс-шара «Оңтүстік – Солтүстік – Батыс – Шығыс» бағыттары бойынша қатынайтын үгіт-насихат пойыздары аясында мобильді топтың қатысуымен өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын адам саудасының қауіптері, еңбек қанауының белгілері туралы ақпараттандыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

7813446a 34a0 4c67 9175 818ad0c522e7

Іс-шараға Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, сондай-ақ адам саудасының құрбаны деп танылған азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға адам саудасына қарсы іс-қимыл шаралары, адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сатудың алдын алу, еңбек қанауы мен бала еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылықтың алдын алу мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.

cf9ebd79 8346 43ea a816 6b1c137f683f

Сонымен қатар, тұрғындарға адам саудасының негізгі белгілері, күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақтану жолдары, құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі түсіндірілді. Іс-шара аясында ақпараттық жадынамалар мен түсіндірме материалдары таратылып, сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының байланыс нөмірлері ұсынылды.

Мамандар азаматтарды елімізде немесе шетелде жұмысқа орналасу кезінде еңбек шартын міндетті түрде рәсімдеуге, жұмысқа орналастырушы ұйымдардың заңдылығын алдын ала тексеруге және жеке басын куәландыратын құжаттарды бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Мобильді топпен адам саудасының алдын алуға бағытталған мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да халық көп шоғырланатын орындарда тұрақты түрде жалғасады. Бұл жұмыстар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адам құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған.

Мұндай іс-шаралар адам саудасының алдын алуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.

806836a5 31ac 46a8 a7e5 9326dfb52261

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика