Сәрсенбі, 29 мамыр, 00:49

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңақорған ауданында «Руханият» орталығының іргетасы қаланды

25.04.2024

208

0

Жаңақорған ауданында "Руханият" орталығының іргетасы қаланды
Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Биылғы «Руханият жылы» аясында Қызылорда облысының өнер және мәдениет саласында серпінді, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. ​Кешелі бері көпшілікті қуантқан ақжолтай жаңалықтың бірі – барлық аудан орталықтарында 11 млрд. 500 млн. теңгеге тәулік бойы жұмыс жасайтын кітапханалары бар «Руханият» орталықтарының құрылысы басталды.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданындағы «Руханият» орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, еңбек ардагері Әзия Қыстаубаева қатысып, аудан тұрғындары да жиналды.

Аймақ басшысы жаңа нысанның салынуына негіз болған мақсат, жас ұрпақ тәрбиесіндегі ардагерлер мен аналардың рөлі турлы айтып, ауданның жетістіктеріне тоқталды.

«Президентіміздің, Үкіметтің Сыр өңіріне жан-жақты қолдауының нәтижесінде аймағымызда бүгінгі күні ауқымды жобалар жүзеге асуда. Экономиканың барлық тіректі салаларында тұрақты өсім бар. Жаңақорған ауданындағы серпінді өзгерістерді де атап айтуға болады. Биылғы аудан бюджеті 15 млрд теңгеден асты. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі түйткілді мәселелерді шешу, өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы жобаларды жүзеге асыру жұмыстың басты бағытына айналды.

Бүгін – өңірімізде айтулы күн. Халықтың игілігі мен қуанышына қызмет ететін, аймағымызда бұрын-соңды болмаған жаңа сипаттағы, бірегей ғимараттың іргетасын өздеріңізбен бірге қалаймыз. Алаштың анасы атанған киелі топырақта «Руханият жылының» жариялануының өзіндік терең тарихи мәні бар. Атадан балаға мирас болып келген ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде ұрпақтар сабақтастығын сақтау өте маңызды. Бұл – әртүрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелерді бір орталыққа оңтайландыру арқылы бюджет қаражатын үнемдеу, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін тың жоба. Жаңа ғимаратты адал еңбекпен несібесін тапқан құрыш қолды құрылысшыларымызға табыстап, сәттілік тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсімінде Мұрат Әбенов пен Әзия Қыстаубаева тұрғындарды құттықтап, ізгі тілек білдірді.

«Руханият» орталығының құрылысы жыл соңында, яғни желтоқсан айында бітеді деп жоспарлануда. Ғимарат екі қабатты, жалпы ауданы – 4850 шаршы метр, жалпы алаңы – 1816 шаршы метр.

Инфрақұрылымды дамыту – тұрғындардың тұрмысын жақсартудың маңызды қадамы. Бұл бағытта Жаңақорған ауданында жүйелі жұмыстар бар. Сүттіқұдық, Жайылма, Қожамберді елді мекендеріне орталықтандырылған ауыз су жеткізілді. Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден елді мекендері табиғи газға қосылды. Төменарық ауылына «көгілдір отын» тартылуда. Ауданда 1 млрд теңгеден астам қаржыға 40 шақырым болатын 38 көше жөндеуден өтсе, енді 13 елді мекеннің көшелері жөнделеді.

Былтыр Келінтөбе, Қожакент, Еңбек елді мекендерінің электр желісі жаңартылды, 6 елді мекенде (Сүттіқұдық, Қандөз, М. Нәлібаев, Әбдіғаппар, Құттықожа, Манап) осындай жұмыс күтілуде.

Өткен жылы Жаңақорған кентінде 50 отбасы баспанаға ие болды. Биыл 150-ге тарта тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жаңақорған кенті мен Жаңарық елді мекенінде құрылыс басталды. Жаңа білім ордалары алдағы оқу жылында іске қосылады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Қаратөбе ауылында дәрігерлік амбулатория салынды. Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсекке арналған ауылдық аурухана құрылысына қаражат бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Келінтөбе ауылында спорт кешені салынуда.

437550234_733635272291053_5568020387914476088_n.jpg
438094366_733635038957743_4668776556117512575_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: