Жұма, 11 қазан, 16:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шиелі ауданында тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханасы бар «Руханият» орталығы мен мектептің іргетасы қаланды

25.04.2024

337

0

Шиелі ауданында тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханасы бар «Руханият» орталығы мен мектептің іргетасы қаланды
Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданында «Руханият» орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, мәдениет саласының ардагері Әлмырза Ноғайбаев қатысты.

Аймақ басшысы барлық ауданда бой көтеретін «Руханият» орталықтарындағы кітапханалар тәулік бойы жұмыс істейтінін, орталықтар құрылысына бюджеттен 11 млрд 500 млн теңге бөлінгенін айтты. Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар ашу – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған, кітап оқитын ұлтқа айналу жолындағы аса маңызды қадам. Оның оқырмандарына әлемнің әр түкпірінде басылып шыққан көркем шығармалар, арнаулы әдебиеттер қолжетімді болмақ.

Жиында Мұрат Әбенов пен Әлмырза Ноғайбаев жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Мұнан бөлек, бүгін Шиелі ауданының Жансейіт ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды.

«Президентіміздің және Үкіметтің Сыр өңіріне жан-жақты қолдауының нәтижесінде аймағымызда ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Биыл облыс бюджеті еселеніп, 650 млрд теңгеден асты. Бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған. Соның ішінде білім саласына бөлінген қаржы көлемі 263,8 млрд теңгеге жетті. Салада ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінде «Білімді қолдау қоры» есебінен 7 млрд 900 млн теңгеге 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Облыс орталығында осы кезге дейін бір ғана Оқушылар үйі болса, «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы бой көтеруде. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен Сырдария өзенінің сол жағалауынан музыкалық колледждің жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығында «Шығармашылық академиясы», Жаңақорған, Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Өнер мектептері салынуда. Жаңа білім ордасы озық ойлы, өнерге құштар, спортқа бейім дарынды балалардың шамшырағын жағатын мекен болғай! Ұлтымыздың дамуында маңызды рөл атқаратын бұл жобаның басы-қасында жүрген құрылысшыларымыз өз ісіне жауапкершілікпен қарап, құрылысты сапалы жүргізеді деп ойлаймын», — деді мектептің іргетасын қалау рәсімінде аймақ басшысы.

Екі қабатты ғимарат 100 орынға арналған, құрылысты «СМП-Қызылорда» ЖШС жүргізуде. Мектеп жыл аяғында пайдалануға берілмек.

Биыл облыста 7 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Жұмыс жаңа оқу жылы қарсаңында толығымен аяқталады. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 300 орындық 21 мектеп салынуда. Өткен жылы 10 мектептің құрылысы басталса, биыл 11-нің құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде 1 мектеп Шиелі кентіне салынады.

437147537_733639895623924_8472852022339832520_n.jpg
437539760_733640202290560_3898381970204101869_n.jpg
438078305_733640058957241_4536124444222548607_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика