Бейсенбі, 16 шiлде, 17:50

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Заң керуені» акциясы Сырдария ауданында бастау алды

16.07.2026

7

0

229c634b 8130 41d0 8b45 e4d9b341535f

Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өңір тұрғындарымен кездесудің игі дәстүріне айналған «Заң керуені» акциясы Сырдария ауданынан бастау алды.

Мұндай форматтағы шаралар тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, жергілікті жерде жедел шешуге, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Іс-шараға облыс прокуроры Ризабек Ожаров, аудан әкімі Берік Сәрменбаев сондай-ақ құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандыру, жер қатынастары, тұрғын үй, еңбек, атқарушылық іс жүргізу және өзге де салалар бойынша көтерген мәселелері қаралды. Азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді. Жекелеген мәселелер бақылауға алынды.

Шара аясында азаматтардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс бойынша қылмыстылық 10 пайызға, ал Сырдария ауданында 22 пайызға төмендеген.

8df266b7 4309 4040 91a5 7240b8a03086

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика