Сейсенбі, 26 қараша, 12:42

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Құқық тәртібі»: Қызылордада 87 қылмыстың беті ашылды

01.02.2022

377

0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасының 13 күнінде 87 қылмысты ашты.

Облыс орталығында бұрын жасалған 12 қылмыстың беті ашылды. Жалға берілетін пәтерлердің 480 тексерілді.

Тегіс ұңғылы атыс қаруды заңсыз сақтап, алып жүрген 12 адам анықталып, барлығына ӘҚБтК-нің 482-бабымен әкімшілік хаттама рәсімделген.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлығы 1400 дерегі анықталған. Оның ішінде ұсақ бұзақылықтың 507 дерегі, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрудің 293, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұрудың 441, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың 34, шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың 18 дерегі анықталған.

Сонымен қатар көлік құралын алкогольдік масан күйінде басқарудың 40 дерегі анықталып, барлығы заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.​

Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.​

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика