Топ-баннер2

Сейсенбі, 30 маусым, 23:14

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шағын өнеркәсіпті дамыту – аймақ экономикасының маңызды бағыты

30.06.2026

9

0

732764152 1318822640438977 8124225443842625722 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев сол жағалаудағы шағын өнеркәсіп нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен өткен жылы ашылған «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағына барды. Мұнда ет, сүт, кондитерлік өнімдер мен жартылай фабрикаттар өндіретін 7 өндірістік цех жұмыс істейді. Шығарылатын өнімдер жергілікті тұрғындардың сұранысына, азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына сай.

735482911 1318822560438985 2244000113438704690 n
732769573 1318822600438981 2523952032869700413 n

«Syr Darya» коммуналдық базары қаладағы сауда инфрақұрылымын дамыту мақсатында ашылған. Базарда сапалы азық-түлік өнімдерін сатуға, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне қолайлы жағдай жасалған. Аумағында азық-түлік, киім-кешек дүкендері мен тұрмыстық техника сататын сауда орындары бар. Қазіргі уақытта көтерме сауда орындарын орналастыру үшін ғимарат қайта жаңғыртылып бейімделуде.

732654724 1318822720438969 6908770830405696984 n

Келесі нысан – өткен жылы іске қосылған «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-нің шағын өнеркәсіп аймағы. Мұнда тәулігіне 15 сантехникалық бұйым өндіретін, темір тор шығаратын өндірістік цехтар бар.

Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне шағын өнеркәсіпті, ондағы өндіріс ауқымын кеңейтуді тапсырды.

732747531 1318822680438973 3021774823286341221 n
733890461 1318822647105643 134377926854355623 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика