Жұма, 03 шiлде, 11:58

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Магистратура түлектеріне диплом табысталды

02.07.2026

10

0

5e5dd203 1e3c 46ac a11d eb4b8e8ecd59
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректор Наурызбай Байқадамовтың қатысуымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің магистратура бағдарламасын тәмамдаған түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа Конституцияның қолданысқа енуі аясында өткен магистранттармен кездесуде Мұрат Нәлқожаұлы білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқталды.

Диплом иегерлері білімі мен кәсіби біліктілігін ел игілігіне бағыттап, қоғам дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Өңірдегі жоғары білім мен ғылымның қарашаңырағы саналатын оқу орнын биыл 2600-ден астам түлек бітірді.

22c8d819 fd9a 41ac 975b d89d5b4c404a

«Еліміздің ертеңі мен тірегі – Сіздер секілді жалынды жастарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әділетті Қазақстанды құрудың басты қозғаушы күші де, оның жаңа белестерін бағындыратын жасампаз қуаты да – өздеріңіз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – жоғары конституциялық қағидаттарды іске асыра алатын білімді, дені сау, зияткер әрі озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу» деген болатын.

Сіздер жастық жігерді Тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі биіктете түсуге жұмсайтындарыңызға сенемін.

Бүгінде облысымызда жаңа өндіріс орындары ашылуда, цифрландыру үдерісі жедел енгізіліп, әлеуметтік сала жаңғыртылып жатыр. Жаһандану дәуірінде креативті, жаңашыл әрі тың көзқарасы бар мамандар аса қажет.

Баласының бағын тілеген ата-ананың қуанышында шек жоқ екенін көріп тұрмын. Сіздерге көп рақмет! Ал шәкіртін шыңға шығарған профессор-оқытушыларға аймақ халқының атынан ерекше алғысымды білдіремін. Сіздер облысымыздың басты байлығы – адами капиталды қалыптастырып келесіздер. Бойларыңыздағы білім мен өнегені Отанымыз – Қазақстанның, туған жеріміз – Сыр өңірінің игілігіне жұмсай беріңіздер», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

136dc222 3106 4d2c 945f d2ea25b0ef5c

Тоқсан жылға жуық тарихы бар университет озық идеялардың жаршысы ретінде ғылымға инновациялық жаңашылдықтарды енгізіп, бәсекеге қабілетті маман даярлау бағытындағы жұмысын табысты жалғастырып келеді. «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2026» қорытындысыменеліміздегі көпсалалы жоғары оқу орындары арасында 7-орынға ие болды.Оқу орнының 31 білім беру бағдарламасы республикадағы үздік үштік қатарынан көрінді.

Айта кетейік, биыл университеттің бакалавриат бағдарламасын 630, ал магистратура бағдарламасын 79 түлек тәмамдады.

7d52bcf8 1317 4c84 9a2e 2f3d52b7ddb1
0036078a 59e1 4f58 9027 9d1e970df769
04c115a6 6f99 41ab a647 d817713b808c

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика