Бейсенбі, 02 шiлде, 19:19

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ғалымжан Жарқынбек Жаңақорған ауданының әкімі болып тағайындалды

01.07.2026

5

0

738243736 1319822670338974 8315440196705763214 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен Жаңақорған ауданында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарған Самитов Мажит Самитұлына қажырлы еңбегі үшін облыстың ең жоғары марапаты – Қызылорда облысының Құрмет грамотасын және «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін табыстады.

734330095 1319822740338967 5565142044010488743 n
733471450 1319822673672307 3714385070217372885 n

Ауданның жаңа әкімі Жарқынбек Ғалымжан Жарқынбекұлын таныстырды. Жаңадан тағайындалған аудан әкіміне инвестиция тарту, салық базасын кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту жобаларын іске асыру және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша нақты әрі нәтижелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

734367215 1319822813672293 4943901014020893393 n

Жаңақорған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін үздік аудандардың бірі саналады. Сондықтан аграрлық әлеуетті тиімді пайдалану, өндіріс көлемін ұлғайту және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру басты міндеттердің бірі болуы тиіс.

Кейінгі жылдардағы су тапшылығын ескере отырып, егіс алқаптарын әртараптандыру, суды аз қажет ететін дақылдар үлесін арттыру және шаруашылықтарға ылғал үнемдейтін озық технологияларды енгізуді жүйелі ұйымдастыру қажет.

Экономиканың маңызды саласы – туризм. Жаңақорған жерінің табиғи ерекшеліктері, тарихи-мәдени мұралары туристік әлеуетті арттыруға мол мүмкіндік ұсынып отыр. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің өркендеуіне, аудан экономикасының дамуына оң ықпал етеді.

Ауданның жаңадан тағайындалған басшысына барлық ресурсты пайдаланып, жаңа жобаларды сапалы жүзеге асыру тапсырылды.

736207199 1319822733672301 1118897691956193958 n

Ғалымжан Жарқынбекұлы 1978 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын «Казагрэкс» мемлекеттік кәсіпорнында бас маман ретінде бастап, ауыл шаруашылығы саласында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

2009-2021 жылдары облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы, Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болды.

2021 жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін Жаңақорған аудандық мәслихатының төрағасы қызметін абыроймен атқарып келді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика