Бейсенбі, 02 шiлде, 17:06

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

5

0

373a699e a41a 4340 8259 944cb73f43d3
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға берілді. Жұмыстар Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізілді, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңғырту соңғы жылдардағы теміржол вокзалдарын жаңартудың ең ірі жобасы болды. Реконструкция нәтижесінде жолаушыларға арналған жағдайлар айтарлықтай жақсарды, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейі артты, нысандардың өткізу қабілеті ұлғайды, сондай-ақ теміржол саласы қызметкерлері үшін заманауи еңбек жағдайлары жасалды.

Жұмыстар барысында ғимараттардың қасбеттері мен шатырлары жаңартылды, энергия үнемдейтін витраждар орнатылды, жылу жүйелері, сумен жабдықтау, желдету, ауаны баптау, өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңғыртылды. Құрылыс және реконструкция кезінде негізінен отандық өндірістің материалдары пайдаланылды.

Ерекше назар кедергісіз орта қалыптастыруға аударылды. Вокзалдарда пандустар, лифтілер, бейімделген кіреберіс аймақтары мен санитарлық бөлмелер, тактильді жолақтар және арнайы касса аймақтары жабдықталды. Нысан санатына қарай ана мен бала бөлмелері, медициналық пункттер, сақтау камералары қарастырылып, жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыру үшін үй-жайлар қайта жоспарланды.

Кешенді жаңғырту тек вокзал ғимараттарын ғана емес, сонымен қатар жолаушылар платформаларын, вокзал маңындағы алаңдарды және инженерлік инфрақұрылымды да қамтыды. Барлық нысандар заманауи қауіпсіздік талаптарына, санитарлық нормаларға және қызмет көрсету стандарттарына сәйкестендірілді.

Елдегі теміржол вокзалдарының басым бөлігі 1950–1970 жылдары салынған, ал кейбір ғимараттар 80–100 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Нысандардың шамамен 70 пайызы ондаған жылдар бойы күрделі жөндеуден өтпеген.

Өңірлер бойынша реконструкциядан кейін келесі вокзалдар ашылды:

Абай облысы — Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары;
Ақмола облысы — Курорт-Бурабай, Шортанды, Макинка және Ақкөл;
Атырау облысы — Ганюшкино және Аққыстау;
Батыс Қазақстан облысы — Семиглавый Мар, Қазақстан және Шыңғырлау;
Қарағанды облысы — Қарағанды-Сортировочная, Жаңа Қарағанды және Нұра, сондай-ақ Қарағанды-Сортировочная станциясының жолаушылар платформасы жаңартылды;
Қостанай облысы — Аманқарағай және Құсмұрын;
Қызылорда облысы — Жаңақорған, Қазалы,Шиелі және Талап станциясының платформасы;
Алматы облысы — Қонаев және Шамалған;
Жетісу облысы — Талдықорған;
Солтүстік Қазақстан облысы — Тайынша, Жаңаесіл және Саумалкөл;
Шығыс Қазақстан облысы — Риддер және Шемонаиха;
Павлодар облысы – Бозшакөл платформасы.

Көлік министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде жолаушылар инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңартуды және азаматтар үшін заманауи, қауіпсіз және жайлы жағдай жасау жұмыстарын жалғастырады.

f0ac4e2a 954e 400e 8605 983852e2e707
75e51e4b 8ca3 4cdb be1a 9c8558ec2b89
03dd3918 5219 4955 b6a1 83da3aab86f2
bb2547fb 0d04 4f4c b337 3ad9eefe7933
c2537211 ed34 4df8 8e0f 19c127b745cc
8d0af8bc d8e0 4d0c bd0b 4aaac7c6f063
1492f25f f3c7 4797 a549 66c9178dc1cd

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика