Бейсенбі, 02 шiлде, 19:11

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызанақ пастасы зауытының жобасы талқыланды

02.07.2026

7

0

734152620 4460130164255681 6813606432598375340 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Alpecon Group» компаниясы өкілдері Самат Балабеков, Ержан Ибраимов, Нармұхан Сарыбаевпен кездесті. Кездесуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Бүгінде өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге басымдық беріліп отыр. Осы ретте қызанақ пастасы зауыты жобасын Жаңақорған ауданында жүзеге асыру ниетіңізді қолдаймыз.

Бұл өнімге қосылған құн қалыптастырып қана қоймай, көкөніс шаруашылығының дамуына, егіс алқаптарының ұлғаюына мүмкіндік береді. Қажетті жер учаскесін ұсынуға, барлық кезеңде әкімшілік және инфрақұрылымдық сүйемелдеуге дайынбыз. Өңіріміз үшін стратегиялық маңызы бар инвестициялық бастамаға жан-жақты қолдау көрсетіледі», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Қазір инвесторлар Жаңақорған ауданының Бесарық ауылындағы «ATMO AGRO» ЖШС-ның зауытын сатып алып, оның базасында қызанақ пастасын шығаруға қызығушылық танытып отыр. 2,3 млрд теңге инвестиция құйып, технологиялық жабдықтарды жаңғырту, өндірістік және қосалқы нысандарды жөндеу, арнайы техника сатып алу жоспарланған. Бұл тәулігіне 600 тоннаға дейін қызанақ өңдеуге жол ашады. Шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін 2 300 гектар суармалы егіс алқабын игеру, көршілес Түркістан облысынан сатып алу да көзделіп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика