Сенбі, 01 тамыз, 15:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жобалар бағыты – қаланы көгалдандыру және инфрақұрылымды жақсарту

24.05.2026

108

0

default
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қаланы көгалдандыру, жол құрылысы және су шаруашылығы нысандарындағы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

706065530 1287069590280949 4363059542951927592 n
706298876 1287069470280961 9174272226719314013 n

«Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасы жасыл желекті көбейтуге және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.

Өткен жылы 46 100 түп ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, «KazStroyCapital» ЖШС «Қорқыт ата әуежайы» аумағына, орталық көшелер мен саябақтарға 779 мың біржылдық және 33,8 мың көпжылдық гүл көшетін егіп, 73,5 мың шаршы метр көгал төседі.

706035991 1287069720280936 7304530955280644899 n

«Hunter» технологиясына негізделген автоматты суару жүйесі, 45 шақырымнан астам құбыр тартылды. Ал биылға 51 900 көшет отырғызу және суару жүйесін кеңейту жоспарланған. Қазір қаладағы 27 субұрқақ іске қосылды.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жобалар туралы айтсақ, қазіргі таңда Н.Назарбаев даңғылы, А. Иманов, Бозғұл-1, Наурыз және Ш. Есенов көшелерінде жұмыс қарқынды. Жоба аясында 5,5 шақырым жол қайта жаңғыртылып, жаяу жүргіншілер жолы, лотоктар мен жарықшамдар орнатылады.

706317262 1287069310280977 9178275504557534488 n
default

Сонымен қатар, Торайғыров көшесінен «Қызылорда – Құмкөл» автожолына дейін қайта жаңғыртылуда, 2,1 шақырымнан асатын көше бойында жаяу жүргінші жолы мен жарықтандыру жүйелері қарастырылған.

Облыс әкімі «Қызылжарма» каналын науамен жабдықтаудың, «Бәйтерек» шағын ауданындағы Оңтүстік магистралды каналы арқылы өтетін көпір құрылысын көрді. Мұнда да инфрақұрылымды жаңғырту, жаяу жүргіншілер көпірлерін салу және жарықтандыру жүйелерін орнату жұмысы жүріп жатыр.

default
705003239 1287069723614269 8265798747146640405 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика