Сәрсенбі, 01 мамыр, 15:35

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мәжіліс депутаттары «Қармақшы құс» фабрикасында болды

09.01.2024

146

0

Мәжіліс депутаттары "Қармақшы құс " фабрикасында болды

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылдық округіндегі «Қармақшы құс» фабрикасының жұмысымен танысты.

«Қармақшы құс » ЖШС-і 2023 жылдың желтоқсанның 28-не ашылған. Құс фабрикасының жобасына 3,0 млрд теңге инвестиция салынған. Сыйымдылығы 60000 құсқа арналған 6 бордақылау, инкубациялық, сою, қалдықтарды өңдеу цехтарынан және әкімшілік ғимаратынан тұратын фабрикада ағымдағы жылдың 13 қазанында инкубатордан алғашқы 57 000 балапан шығарылып, бордақылау цехына орналастырылып, алғашқы өнім алу 15 қарашадан басталды.

Ақтөбе ауылдық округінің тұсындағы 25 га жерді алып жатқан құс фабрикасы іске қосылғаннан бері күніне 2000-2500 бас тауық сойылып, 3 күнде 10 тоннадан астам өнім дайындалған. Алдағы уақытта фабрика толық қарқын алып, жергілікті мамандар жұмыс үдерісін толық меңгергенде фабрика күніне 13 — 14 тонна өнім шығаратын болады деп күтілуде.

Қазіргі таңда 90 адам жұмыс жасайтын фабрика жұмысшыларының басым бөлігі Ақтөбе ауылының тұрғындары болса, Ақжар мен Жосалы кентінен қосымша жұмысшы бригадаларымен қамтылған. Барлық цехтар толық жұмысқа қосылған уақытта жұмысшылар саны 115-120 адамға көбейеді деп күтілуде.

Мұнымен қоса, «Қармақшы Құс» ЖШС директоры Іздібаев Нұрлан Тұрғанбекұлы құс шаруашылығы бойынша жемді қол жетімді бағада жеткізу үшін Ақтөбе ауылы мен Қызылорда қаласынан құрама жем зауытын салу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Зауыт іске қосылса құс шаруашылығымен айналысатын аймақ кәсіпкерлеріне де үлкен жеңілдік болары анық.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: