Сенбі, 27 шiлде, 12:04

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«WorldSkills Kazakhstan 2022»: Қызылордалық жас мамандар жеңіс төрінде

12.12.2022

269

0

Биылғы жылдың 4 желтоқсанында елордасы Астана қаласында «Worldskills Kazakhstan 2022» VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты жалауын көтерген еді. 

6 желтоқсан күні Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan 2022» кәсіби шеберліктің VII республикалық чемпионатының ашылу салтанаты өткен дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам жас маман, WorldSkills өңірлік турларының жеңімпаздары 30 ресми құзырет бойынша сайысқа түсті. Олардың қатарында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінен «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша Сәуле Нұрымбетова мен «Кіші сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша Аружан Сьездқызы бар. 

Заман талабына сай кадр даярлаудың орнықты үлгісін қалыптастыруды, адами капиталды дамыту және бизнес пен кәсіптік білім беруді мақсат еткен Халықаралық «WorldSkills» чемпионатының республикалық кезеңінде колледждің студенті Аружан Съездқызы оқ бойы озық шығып, Сыр білімінің жетістік қоржынына «Алтын жүлде» салды. Ал, «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша бақ сынаған Сәуле Нұрымбетова байқау қорытындысына сәйкес «Үздік маман» номинациясын иеленді.

«Сырдың үмітін арқалап, елдік додада үздіктер қатарынан табылған колледжіміздің қос шәкіртінің жеңісі құтты болсын, жерлестер! Ізденушісі санасына бағдарлы білім мен кәсіби мүмкіндіктерді сіңіру жолында биік белестерді бағындырып келе жатқан колледж ұжымы мен шәкірттер жетістігі молая бергей», — деп тілектестік білдірді колледж ұжымы.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика