Жексенбі, 15 желтоқсан, 00:46

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда: Жаңа оқу жылында 17 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

31.03.2023

275

0

1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасатын болады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді. 

Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата — анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге  №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады, –деді облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің бас маманы Қарлығаш Әнуарова.

Айта кетейік, облыс бойынша алдағы жаңа оқу жылында 17 543 қызылордалық бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика