Сейсенбі, 15 қазан, 03:57

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қыркүйекте университет оқытушыларының жалақысы өседі

28.07.2022

692

0

2025 жылға дейін шәкіртақыны, оқытушылардың жалақысын, студенттік гранттар санын тұрақты арттыру және ғылымды қаржыландыруды ұлғайту жоспарланды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі ретіндегі қызметін қорытындылаған Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Ел президентінің тапсырмасы арқасында көтерілген грант құны университеттеріміздегі оқытушылардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Сәуір айында жоғары оқу орындарының ректорларына қосымша тапсырма бердік. Осы тапсырмаға сәйкес 2022 жылдың қыркүйегінен бастап университеттеріміздегі оқытушылардың жалақысы тағы да көтерілуі керек, ол үшін қаражат бар, – деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Аймағамбетовтің мәлімдеуінше, жоғары оқу орнына жаңадан келген оқытушыға 1 ставка үшін кемінде 200 мың теңге бекітілді. Ал профессордың жалақысының минималды деңгейі 350-400 мың теңге болды. Ал педагогикалық жүктеме деңгейі оқу жылына 680 сағаттан аспайтындай деңгейде бекітілді.

Бұған қоса ол студенттер мен докторанттардың шәкіртақысы өскенін де тілге тиек етті. Яғни докторанттарға берілетін стипендия 3 жыл ішінде 82 мыңнан 200 мыңға жуық соммаға дейін өсті.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика