Жексенбі, 28 сәуiр, 15:52

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

INNOFEST: Инновациялық жоба жеңімпаздарына білім гранты табысталды

14.12.2023

188

0

innofest

Қызылордада облыс әкімінің қолдауымен, «Ақпараттық технологиялар орталығы» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторының ұйымдастыруымен екікүндік «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық жобалар фестивалі өтті. Байқауға қатысу үшін 2500 жас ниет білдіріп, 250-ге жуық команда бақ сынады. 

Фестивальде аймақ жастарынан бөлек Астана, Түркістан, Байқоңыр қалаларынан келген қатысушылар «SmartСity», «Контент&Дизайн», «Кино&Видео» бағыттары бойынша жоба қорғады. 

«Inno.Fest» Qyzylorda – талантты жастардың ІТ идеяларын жарыққа шығару, жаңа әлеуметтік жобалардың іске асуына қолдау көрсету мақсатындағы маңызды шара. Қатысушылар 24 сағат ішінде 250-ге жуық жобаны әзірледі. 

Фестивальде жобалары үздік деп танылған 3 қатысушы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің грантына ие болды. Енді олар Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинаған жағдайда қалаған мамандығы бойынша тегін білім ала алады. Жеңімпаздарға сертификатты Басқарма мүшесі – ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева табыстады.

Байқауда жастар цифрлы сабақ жоспары, телефон алаяқтары, смарт туризм, сөйлейтін әліппе сынды бірнеше жобалар ұсынды.
Фестиваль аясында 9 жоба үздік деп танылды. Оларға жалпы жүлде қоры  3 млн теңгені құрайтын қаржылай сыйақылар үлестірілді. 

Айта кетейік, биыл фестиваль төртінші рет өткізілді. Осы уақыт аралығында 9 мыңға жуық қатысушы тіркеліп, өз жобаларын ұсынды. 

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: