Сәрсенбі, 29 мамыр, 14:13

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қазақконцерт» Сыр өңіріне гастрольдік сапармен келді

14.11.2023

219

0

qazaq-concert

Алпыс жылдық тарихы бар «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Сыр өлкесіне табан тіреді. Қазақ мәдениетінде тарихы алтын әріппен жазылған «Қазақконцерттің» бүгінгі шығармашылық кеші Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Қазақконцерттің» өнерпаздары БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Біз өткен жылдан бастап «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» деген жобаны қолға алдық. Жобаның басты мақсаты – шет аймақтағы елді мекендер мен моно қалалардағы өнер сүйер қауымға өзіміздің шығармашылық кешімізді өткізу болып табылады. Осы жоба аясында Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында шығармащылық кешімізді өткіздік. Енді міне қасиетті Сыр еліне келіп, «Қазақконцерттің» өнерін сағынған халыққа өз өнерімізді ұстындық. Концерт әрі қарай Байқоңыр қаласында жалғаспақ, — деді «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ресми өкілі Ержан Алданазаров.

«Қазақконцерт» өнер ордасының тарихы Ш.Жиенқұлова, М.Ержанов, Ж.Омарова, Н.Тапалова, Р.Бағланова, М.Хамзин сынды қазақ музыка мәдениетінің негізін қалаған ірі тұлғалардың есімінен бастау алды. Кейін олардың қатарын Е. Рахмадиев, С.Тыныштығұлова, Ә. Есқалиев, С. Шүкіров, Г.Талпақова секілді көрнекті өнерпаздармен толықты.

Қазақ өнерінің қара шаңырағы Сыр өңіріне гастрольдік сапармен келіп қалдық. Туған жерімде ән шырқаған кезде ерекше бақытқа бөленемін. Жалпы, бұл концерттік ұйымда жан-жақты жанрды қамтыған өнерпаздар бар. Сол себепті кеш қызықты өттті — деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының» солисі Жеңіс Ысқақова.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: