Жексенбі, 28 сәуiр, 04:11

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

XIX жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылды

23.09.2023

249

0

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додаға Азия Олимпиада кеңесі (АОК) құрамындағы 45 елден 12 500-ден астам спортшы келеді деп күтіліп отыр. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

2018 жылы Индонезияда өткен Азиадада 11 300 адам тіркеліп, жаңа рекордтық көрсеткіш орнаған еді.

Фото: olympic.kz

Салтанатты шараның ашылуында еліміздің атынан бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая ту ұстап шықты.

Биыл еліміздің атынан Ханчжоу қаласында 30 спорт түрінен 524 қазақстандық (262 ер, 262 әйел) саңлақ бақ сынайды.

Жазғы Азия ойындарында 8 спорт түрінен Париж Олимпиадасына жолдама беріледі. Бәсекеде 40 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.ерінен жолдама әлем чемпионатынан кейін өз иесін табады.

Сайыстар 51 жарыс алаңында өткізіледі. Бұл мақсатта 14 жаңа кешен салынды. Көптеген спорт түрінен жарысты Ханчжоу қабылдайды.

Ал кейбір жарыстар Дэцин, Цзиньхуа, Нинбо, Шаосин мен Вэньчжоу сынды шағын қалаларда болады.

Фото: olympic.kz

syrboyi.kz

Тағы да оқыңыз: