Сенбі, 27 шiлде, 11:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бүгін «Ұлы дала жорығы-2024» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары марапатталады

23.05.2024

240

0

Бүгін «Ұлы дала жорығы-2024» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары марапатталады

«Ұлы Дала жорығы-2024» эпикалық марафон-бәйгенің жеңімпаздары бүгін белгілі болады.

Бүгін, 23 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтары «Ұлы дала жорығы» көпкүндік марафон-бәйгесінің майталмандарын салтанатты түрде марапаттау рәсіміне куә бола алады. Салтанатты шара сағат 19:00-де Көкшетаудан қалаға кіре берістегі экопосттың жанында орналасқан «Құлагер» монументінде өтеді.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Биыл жол қашықтығы 500 шақырымды құрады және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтыды.

Бас жүлде — 15 000 000 теңге, 2 орын — 10 000 000 теңге, 3 орын — 5 000 000 теңге.

Сонымен қатар, алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін  халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).

Жобаның ұйымдастырушылары: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «JORYQ» федерациясы.

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықтыәрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы. 

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика