Сәрсенбі, 17 тамыз, 07:14

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қасым-Жомарт Тоқаев: Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын тиімді пайдалану үшін батыл іс-шаралар қажет

21.07.2022

153

0

Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын тиімді пайдалану үшін батыл іс-шаралар қабылдау қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі климаттық сын-тегеуіріндер, су мен энергетикалық ресурстарға сұраныстың артуы Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін батыл іс-шаралар қабылдауды талап етеді. Климаттың өзгеруі жөніндегі сарапшылардың халықаралық тобы баяндамасына сәйкес, өңіріміздегі температура ғаламшардағы орташадан біршама жылдам өсіп келеді», – деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.

Мемлекет басшысы климаттың өзгеру процесі мұздықтардың көлемінің, яғни өңіріміз үшін басты су көзінің қысқаруына алып келетіндігін баса айтты.

«Соңғы 50 жылда олардың Орталық Азиядағы көлемі 20-30 пайызға қысқарды. Бұл келешекте Сырдария мен Әмудария өзендеріне ағып келетін суды еселеп қысқартады. Мұның бәрі кідіріссіз бірлескен іс-шараларды қабылдауды талап ете отырып, өңірдің азық-түлік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігі үшін айтарлық сын-тегеуірінге алып келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Kyzylorda-news.kz.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: