Жексенбі, 28 сәуiр, 01:04

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселесі қатаң бақылауда

04.03.2024

135

0

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселесі қатаң бақылауда

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселері қатаң бақылауда. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облысындағы Департаменттері мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен Қызылорда өңіріндегі мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кең бағытта жиын өтті.

Аталған жиынға, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі, Мемлекеттік қызметі істер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің, сондай-ақ Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы филиалы басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы былтыр ғана мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипат алып, клиентке бағдарлануы үшін түбегейлі өзгерісті талап ететінін атап өтті.

«Бүгінгі күні қоғам мемлекеттік қызметшілерден біліктілігімен қатар олардың әдептілігін, адалдығын, адамгершілік қасиетін және жоғары мәдениеттілігін талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, Әдеп кодексі қызметтік әдеп нормаларын дұрыс түсінуде және қолдануда ерекше маңызға ие. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, және клиентке бағдарлану болып табылады. Осы қасиеттер заманауи мемлекеттік қызметшілерінің болмысынан көрініп тұруы керек.
Азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту, оның ішінде адал, лайықты мемлекеттік қызметшілердің мысалдарын кеңінен жариялау мәселелері елеулі назар аударуды талап етеді.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтамауы әр түрлі құқықбұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа әкеліп соқтырады. Сондықтан, әдеп нормаларын мінсіз сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеті болып табылады.
Осы тұрғыдан, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан мемлекетті қызметшілер арасында әдеп нормаларын түсіндіру бағыттанда бүгінгі аталған түсіндіру бағыттындағы іс-шара өтті», деді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі И. Аметов.

Жиын барысында  мемлекеттік қызмет барысында кездесетін сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау себептері мен оның алдын алу тетіктері, қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселелері де талқыланды. 
 IMG-20240304-WA0263.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: