Жексенбі, 19 мамыр, 03:42

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жыл қорытындысы: Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – басты міндет

24.12.2023

142

0

auyz-su

Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында Үкіметке алдағы бес жылда халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Соңғы екі жылда Қызылорда облысында тұрғындардың орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98,1 пайызға жетті. Бүгінде амақтағы 230 ауылдың 198-і ауыз су жүйесіне қосылған.
Қалған 32 ауылда 8 мыңнан астам адам қоныстанған. 32 елді мекенге қатысты кезеңдік жоспар жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Республикалық бюджеттен 8 елді мекенге су желісін тарту және жергілікті бюджеттен 24 елді мекенге су тұщытқыш қондырғылар орнату жоспарлануда.
Бұдан бөлек, осы жылы аймақты жаппай газдандыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды. Шалғай орналасқан елді мекендерге газ желілері тартылып, табиғи газға қосылды. Осының нәтижесінде 
12 ауылдық елді мекен, яғни 40 мыңнан астам тұрғынның газ мәселесі шешіліп, игілігін көруде. Осылайша, өңірде газбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетті. Сондай-ақ, осы жылы 26 газбен жабдықтау жобасына 9,3 млрд теңге бөлінді.
Келер жылы 4 млрд теңгеге 12 елді мекен көгілдір отынға қосылып, газдандырылу деңгейі 78 пайызға жеткізіледі.

IMG-20231224-WA0003.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: