Жексенбі, 03 қараша, 17:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Жас маман» — кәсіби дамудың негізі

20.07.2022

519

0

«Жас маман» – білікті мамандарды даярлауда теңдессіз тәжірибе әрі жүйелі жоба. Жобаның мақсаты – сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік мамандықтарды жаңғырту, практика арқылы білікті мамандарды дайындау.

Халықаралық тәжірибе 2021 жылдан бастап жүзеге асты. Жоба аясында 180 колледж және 20 жоғары оқу орнының базасы жаңа материалдық-техникалық құралдармен жабдықталды. Бұл өз кезегінде қажетті мамандарды дайындауға мол септігін тигізді.

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі де ауқымды жобаның демеуін көріп отыр. Оқу ордасына өткен жылы «Фермер шаруашылығы» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша соңғы үлгідегі техникалар алынды. Бүгінде осы біліктілікте 100-ге жуық студент оқып жатыр. Расында да, жоба білім алушылардың кәсіби дамуына мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылығындағы басты техника – трактор, айналмалы соқа, экскаватор тиегіш секілді соңғы үлгідегі заманауи көліктер агро мамандардың шеберліктері мен қабілеттерін арттырды.

Аспазға арналған құрал-жабдықтар да студенттердің білікті маман болып қалыптасуына оң септігін тигізді. Колледжге ас дайындайтын арнайы пештер, қажетті құрылғылар алынды. Бүгінде білім алушылар саланың қыр-сырын үйреніп, түрлі тағамдарды дайындауда.

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын іргелі оқу орын. Оқу орнында бүгінде 500-ге жуық студент 6 мамандық, 10 біліктілік бойынша білім алады.
Қарашаңырақ сапалы әрі кәсіби біліктілігі жоғары кадр дайындауды мақсат тұтады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика