Сенбі, 14 желтоқсан, 23:48

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңақорған ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысы сараланды

28.11.2024

253

0

Жаңақорған ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысы сараланды
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданындағы құрылыс нысандарына да барып, ондағы жұмыс барысын көрді.

«Төменарық» елді мекеніндегі жанында дәрігерлік амбулаториясы бар ауылдық аурухана 15 төсек-орынға арналған. Бүгінде ғимараттың сыртқы-ішкі қабырғалары сыланып, әрленіп, есік-терезе орнатылған, еденге керамикалық плитка төселіп, сырты қапталған. Ендігі жұмыс бағыты – газ қосу.

Жаңақорған ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысы сараланды

Одан кейін аймақ басшысы Жаңақорған кентіндегі 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің», «Руханият орталығының», теміржол үстінен өтетін көпірдің құрылысымен танысты.

Жаңақорған ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысы сараланды

Бұл нысанда да жер жұмыстары, іргетас қалау, монолитті колонна, ригель құю, кірпіш қалау, екі қабаттың да ішкі қабырғасын сылау, әрлеу, терезелерін орналастыру 100 пайыз аяқталған. Сыртын қаптау және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жаңақорған ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысы сараланды
Жаңақорған ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысы сараланды

Биылғы «Руханият жылында» Қызылорда облысының өнер және мәдениет саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарланғаны белгілі. Барлық ауданда 11 млрд. 500 млн. теңгеге тәулік бойы жұмыс жасайтын кітапханалары бар «Руханият орталықтары» салынуда. Орталықтар жыл соңында, яғни желтоқсан айында іске қосылады. Қазір ішкі және сыртқы сылақ, әрлеу жұмыстары, шатырын жабу қолға алынған. Аталған нысандардың бас мердігері – «Астана сервис LTD» ЖШС.

Жаңақорған ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысы сараланды
Жаңақорған ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысы сараланды

Жаңақорғандағы ұзындығы 76, ені 15,4 метрлік теміржол үстінен өтетін көпірдің құрылысы да қарқын алған. Бетондау, шкафтық қабырғалары мен шеткі плиталарын ауыстыру, тротуар блоктары мен жарық бағаналарын орнату, ГПС, щебень, асфальт төсеу және т.б. жұмыстары аяқталған. Көпірге дейінгі 1,2 шақырым жол салынды. Мердігер мекеме – «Сервис НС», бас жобалаушы – «ТОП Геодезия» ЖШС.

Жаңақорған ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысы сараланды
Жаңақорған ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысы сараланды

Облыс әкімі әрбір нысанды салғанда оның ұзақ жылдар бойы ел игілігіне қызмет ететінін басты назарда ұстауды тапсырды. Осы орайда сапаға баса мән беріп, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды ескертті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика