Бейсенбі, 02 мамыр, 12:47

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңақорған ауданында үш елді мекен газға қосылды

15.01.2024

182

0

Жаңақорған ауданында үш елді мекен газға қосылды
Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапары кезінде үш елді мекенді табиғи газға қосу рәсіміне қатысты.

Алдымен Нұрлыбек Машбекұлы Шалқия кентінде өткен рәсімде тұрғындарды құттықтады.

«Өңірді газбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетті. Барлық аудан орталығы мен Арал, Қызылорда, Байқоңыр, Қазалы қалалары, 34 елді мекен табиғи газдың игілігін пайдалануда. Биыл 4 млрд теңгеге 12 елді мекенді «көгілдір отынмен» қамтамасыз етеміз. 2024 жылдың соңында облыстың газдандырылу деңгейі 78 пайызға жетеді.

Бүгін Төменарық ауылында аурухананың іргетасын қаладық. Бұған дейін аудандағы Бірлік, Қыраш, Жайылма ауылдарына газ жеткізілген еді. Бұл жолы Шалқиядан басқа Кейден, Құттықожа ауылдары да газға қосылады. Осылайша биыл аудандағы 45 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың пайдасын көрмек. Ауылдарыңызға келген игілік жұртшылықтың әлеуметтік жағдайына оң әсер ететініне сенемін», – деді аймақ басшысы.

Рәсімде еңбек ардагері Бахадүр Сұлтанахмет жерлестерін құттықтап, жиналған қауымға бата берді.

Іс-шарада аудан ардагерлері мен ауыл тұрғындары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мұнан бөлек, бүгін ауданның Құттықожа, Кейден елді мекендеріне жүргізілген газ желісі іске қосылды. Облыс әкімі тұрғындарды құттықтап, ізгі тілек білдірді. Кейден ауылында газға қосылған үйді көріп, сыйлық табыстады.

Аймақ басшысы газ қосу рәсімінен соң, ауыл тұрғындарымен, ақсақалдармен кездесіп, олар айтқан ұсыныс-пікірлерге ден қойды.

419703887_676192651368649_1147456746453773027_n.jpg
418500140_676192718035309_5102916895906448446_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: