Жексенбі, 15 желтоқсан, 01:39

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңа оқу жылына жаңа оқу ғимаратының құрылысы аяқталады

26.07.2023

218

0

 «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанына құрылған Партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Жорабек Нұрымбетов бастаған облыстық және қалалық комиссия мүшелері қаладағы Жанқожа батыр көшесіндегі N5 мекен жайындағы 375 орынға арналған бастауыш оқу ғимаратының құрылысымен танысты.

Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстарына бүгінгі таңда партиялық бекет орнатылған.

Құрылыс жұмыстарының жүргізу қарқыны өте жоғары деңгейде , бір мезетте 10 бригада жан-жақты жұмыс атқаруда. Пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарыда жоғары сапалы. Келісім бойынша 2023жылдың қыркүйек айына тапсыруды көздеуде.

Бұл нысанның айта кетер ерекшелігі партияның сайлауалды бағдарламасында нысан құрылысының жүзеге асырылуы 2024 жылы деп енгізілген.

— Балаларға жаңа оқу жылына жаңа оқу ғимаратында білім алуына берілген мүмкіндікке біз де өз үлесімізді қосуда сапалы құрылыс материалдарымен салуға тырысып жатырмыз. Алдағы 1 ай 10 күн мерзім ішінде ғимаратты толықтай бітіру үшін ішкі және сыртқы түрлі жұмыстарды бір- біріне кедергі келтірмей атқаратын 10 бригадамен бірлесіп жұмыс жасап, оқу ғимаратының кілтін табыстаймыз. Оған еш кедіргі жоқ, барлық қажетті құрылыс материалдары алынып қойылған, жұмыс жасауға толықтай мүмкіндік бар»-дейді мердігер мекеме «Ахат-ГС» ЖСШ директоры Мырзабай Шалғынбаев.

Дегенмен нысан құрылысы аяқталғанша тұрақты партиялық бақылауда тұрады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика