Сенбі, 14 желтоқсан, 23:46

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жалақы алмаған «Аралтұз» кәсіпорнының қызметкерлері зауыттың жұмысын тоқтатқан

22.11.2023

324

0

araltuz

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен «Аралтұз» акционерлік қоғамының кәсіпорын жұмысшыларымен жалақыларына байланысты қалыптасқан мәселе туралы отырыс өткізілді.

Жиынға «Аралтұз» АҚ өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары, кәсіподақ төрағалары, құқық қорғау органдарының және дербес бөлім басшылары мен кент әкімі қатысты.

Аудан әкімі кәсіпорын жұмысшыларының қазан айындағы жалақысының төленбегендігінен орын алған мәселенің бүгінде қалыпты жағдайға айналғанына қатаң ескерту жасап, шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.

«Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың 20 қарашысында кәсіпорын қызметкерлері зауыттың жұмысын тоқтатты. Бұған дейін де,бірнеше рет «Аралтұз» АҚ-ның жұмысшылары тарапынан жалақыға байланысты түрлі мәселелер көтеріліп келеді. Аудандық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия отырысында «Аралтұз» АҚ тарапынан үстіміздегі жылы зауыттың жұмысшы-қызметкерлерінің міндетті әлеуметтік сақтандыру төлемдерін аудармауына байланысты мәселе қаралған болатын. Бұдан шығар ешбір мардымды нәтиже жоқ. Қалыптасқан жағдай әлі сол күйінде қалып отыр. Қаншама отбасы осы жалақымен өзінің жанұясын асырап келеді. Жасалған еңбектің өтеуі міндетті түрде болуы тиіс» — деді.

Ұжымдағы ахуалға байланысты «Аралтұз» АҚ-ның зауыт директоры А. Жакпаров туындаған мәселенің мән-жайын түсіндіріп, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Өз кезегінде аудан басшысы кәсіпорын басшылығына қараша, желтоқсан айларының жалақысының уақытылы өтелуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, зауыттың жұмысшы-қызметкерлерінің міндетті әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің уақытылы берілуін үйлестіру жүктелді.

Бұдан бөлек, аудандағы құқық қорғау органдарының басшылары өз ұсыныстарын айтып, зауыт директорына тиісті талап – тілектерін жеткізді.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика