Жексенбі, 15 желтоқсан, 00:42

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жалағаш ауданы: Меморандум жасалды

08.12.2022

272

0

Газет – сауаттылық пен жаңалықтың жаршысы. Өйткені газет шынайы ақпаратты, жан-жақты сараптаманы, нақты тұжырымды қамтиды. Сондықтан да елімізде, оның ішінде аймақта орын алып жатқан маңызды оқиғаларды, қоғамдағы өзекті мәселелер жайын газет бетінен табуға болады.

Осы орайда, Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын өңір тұрғындарына ақпараттандыруды аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне жариялап отыру жұмыстарын жүргізіп отыру үшін аудан әкімі Асқарбек Есжанов пен «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Аманжол Оңғарбаев ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.  

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары аудан әкімдігі тарапынан Республика және облыс көлеміндегі жүргізіліп жатқан экономикалық, құқықтық реформаларға қатысты мақалаларды, Президент жарлықтарын, облыс, аудан әкімдіктерінің қаулылары мен шешімдерін, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің, облыстық, аудандық мәслихаттардың шешімдерін және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің мақалаларын, хабарландыруларын «Сыр медиа» ЖШС-іне қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жариялау үшін аудан әкімдігі жазбаша хат жолдап, «Сыр медиа» ЖШС-нің баспа басылымдарын әр елді мекендерде тарату үшін жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қолданыстағы заңнама талаптарына сай қоғамдық жұмыс орындарын қарастыру және оны қаржыландыру мүмкіндіктерін қарау болса, «Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан аудан әкімдігі тарапынан жолданған жазбаша хат негізінде аудандық газетке өтеусіз негізде жариялау, баспа басылымдарын әр елді мекендерге жеткізу болып табылады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика