Жұма, 04 қазан, 17:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жәрмеңкеде 162 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды

21.11.2022

244

0

Жексенбі күні Жалағаш ауданы Жалағаш кенті орталығында ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өңірде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері халыққа нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада ұсынылды. 

Таңертеңмен ерте басталған жәрмеңкеге тауар өндірушілер мен кәсіпкерлердің алып келген түрлі өнімдерінің бағасынан бөлек сапасы да өте жоғары болды. Атап айтар болсақ, күріш, сиыр еті, картоп, қызанақ, қырыққабат, сөк талқан, құрт пен сүт, балық секілді өнімдер жәрмеңкенің сәнін келтірді.  

Алдымен сайлау учаскесіне барып өз таңдауын жасап, жәрмеңкеде сауда жасағандар қатарында Асанәлі Арапбаев та бар. Ол бүгінгі жәрмеңкеде қыстық азығын қамдап алыпты. Көлігінің артындағы өнімдерге қарасақ, әсіресе ол бақша өнімдеріне басымдық беріпті. 

«Қыстың қамын жаз ойла» дейді ғой, менде үйге басты тұтынатын азық-түліктерді осы жәрмеңкеден сатып алуды жөн көрдім. «Сайлау учаскесінде таңдау жасап, енді сауда жасап жатырмыз. Жәрмеңкеде азық-түліктің барлық түрі бар. Бастысы бағасы қолға қонымды, сондай-ақ барлығы да өзіміздің жергілікті өнімдер екен.  Барлығы керемет, тура бір сайлау емес, ауданда мерейтой өтіп жатқан секілді. Орталық алаңда түрлі спорттық шаралар өтіп жатыр, ол жақты да бір тамашалап қайттым, – дейді кент тұрғыны.

Айта кетейік, жәрмеңкеге жергілікті шаруашылықтар 45 көлікпен 162 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізген. Жалпы құны 45 млн теңгеден асатын ауыл шаруашылығы өнімдері жалағаштықтарға нарықтан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылды. 

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика