Сенбі, 20 сәуiр, 08:59

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тұғырнама толық қолдауға лайық

28.09.2022

232

0

Бүгін «AMANAT» партиясы «Теміржол» филиалына қарасты «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» бастауыш партия ұйымы жиналысы өтіп, онда партияның Саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды.

Жиынды ашқан бастауыш ұйым төрағасы Ибрагим Басықараев «AMANAT»- қоғам мен мемлекет игілігі үшін барлық жауапкершілікті өз мойынына алып, жұмыс істеп келе жатқан партия екенін тілге тиек етіп, осы орайда қара бастың қамы емес, мемлекеттің, ұлттың келешегі мен қауіпсіздігі үшін өзінің Саяси Тұғырнамасы жобасын әзірлеп, қоғам талқысына салып отырғандығын жеткізді.

Жиында бастауыш ұйым мүшелері саяси құжаттың әрбір бағытының маңыздылығына тоқталды.

Мәселен жарыссөзге шығып, өз ойын жетікізген партия мүшесі Алмас Ұзақбайұлы партия әрбір азаматтың болашағына еш алаңдамай өмір сүруі үшін кешенді жоба әзірлеп отырғанын жеткізді.

««AMANAT» партиясы әрқашан қоғамдық-саяси үдерістердің бел ортасында жүр. Біз түрлі көзқарастар мен ой-пікірлердің тоғысатын, үндесетін алаңымыз. Біздің партия әр адамның құқығы мен бостандығын қорғайды. Бүгінгі талқыға түсіп отырған Тұғырнама жобасында әрбір адамның лайықты білім мен медициналық көмек алуы, жеке қауіпсіздігінің қорғалуы, жайлы үйде тұруына дейінгі халықтың көкейіндегі мәселелер қамтылып отыр»,-деді Алмас Ұзақбайұлы.

Ал бастауыш ұйым мүшесі Сабыр Бимухамедов Тұғырнамадағы отбасы институты беделін көтеруге, сонымен қатар, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге күш салынатындығы қатты қуантып отырғанын айтты.

Жиынға партияның «Теміржол» филиалының Атқарушы хатшысы, республикалық саяси кеңес мүшесі Базара Танбаева, Магистральді желі бөлімшесі Ардагерлер кеңесінің төрағасы, сала әрі партия ардагері Сейсенбі Шермаханов қатысып, маңызды құжаттың ел игілігіне қызмет ететіндігіне сенім білдірді.

Жиын соңында күн тәртібіне сәйкес «Теміржол» партия филиалының кезектен тыс XXV конференциясына делегаттар сайланды.

Тағы да оқыңыз: