Жексенбі, 21 сәуiр, 06:48

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сырдария ауданы жастарының еңбек лагері өтті

11.06.2023

137

0

Сырдария ауданы әкімдігінің қолдауымен және аудандық жастар ресурстық орталығы мен Бесарық ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Бесарық ауылында «Жастар. Еңбек. Нәтиже» атты аудан жастарының екі күндік еңбек лагері өтті.

Тағылымы терең шарада еңбек пен шыдамдылықты ұштастырған аудан жастарының жаңа қырынан танылуына бірегей мүмкіндіктер берілді.

Еңбек лагері жастарға қызықты өмірлік тәжірибе жинаумен қатар, ұмыт болған ұлттық құндылықтарды ұлықтауды, еңбек адамдарының тынымсыз еңбегіне алғаусыз алғыс айтуды үйретті.

Жарқын жобада еңбек адамы Бейбіт Есенгелдиевпен кездесіп, еңбек жолына, жетістіктеріне тоқталды.

қатысушылар ауылдың тыныс-тіршілігі, тарихы және шаруашылықтың жұмыстарымен танысып, «Серке тарту», «Қой көтеру», «Күбі пісу», «Сиыр сауу», «Арқан тартыс», «Ляңгі тебу», «Қызыл қуу», «Ұршық иіру», «Ат ерттеу», «Қамыр жаю», сынды бірқатар салт-дәстүрлерден сайысқа түсіп, бақтарын сынады.

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудан жастарымен арнайы кездесіп, өзекті мәселелер мен жастарды толғандырған тақырыптар ортаға салынды. Кездесуге «Абай-Дәулет» ЖШС-нің директоры Мұрат Сәрсенбаев пен облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Жұмабаев қатысты.

Қызықты да, тәрбиелік мәні зор шара соңында жастар өз өнерлерін ортаға салып, барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тағы да оқыңыз: