Жұма, 02 желтоқсан, 15:17

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сұлутөбеліктердің басты мәселесі – көгілдір отын

04.08.2022

204

0

 Шиелі ауданының әкімі ауылдағы басты мәселелердің бірі ретінде газ кіргізу, Жаназар батыр ауылына жаңадан клуб үйін салу, ұялы байланыс желісінің жұмыс сапасын жақсарту жұмыстары бойынша атқарылып жатқан шараларды атап өтті.

Сондай-ақ, ауыл тұрғыны, ауданның Құрметті азаматы Е.Дүйсенов жалпы жасалып жатқан жұмыстардың аз еместігін, аяқ су мен ауыз судың кедергісіз келіп тұрғандығын, жолдардың асфальтталып жатқандығын айтып, ауылдағы бос тұрған бұрынғы ескі мектептің ғимаратын спорт мектебіне немесе сол сияқты қажетті нысандардың біріне айналдыру туралы ұсынысын жеткізді.

Кездесу соңында ақсақалдар жаңадан тағайындалған аудан әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, батасын беріп, елдің ынтымағы мен бірлігін сақтауда жан аямай қызмет етуге шақырды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Сұлутөбе ауылдық округінде 64 шаруа қожалық, 27 кәсіпкерлік нысан бар, 1 аурухана, 3 ФАП, 1 амбулатория, 3 мектеп, 1 мемлекеттік және 2 жеке меншік балабақша, 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 3 кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Оған қоса, алдымыздағы жылға «Мұстафа Шоқай» АГРС, яғни автоматтандырылған газ реттеуіш станциясын салу жоспарланған және нәтижесінде Сұлутөбе, Майлытоғай, Тартоғай, Бала би мен Бәйгеқұм ауылдарына да газ тартыла бастайтын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: