Сенбі, 13 шiлде, 01:37

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шиеліде 3 ауылдық округ әкімі сайланды

17.06.2024

126

0

Шиеліде 3 ауылдық округ әкімі сайланды
Фото: Ашық дереккөзден

Күні кеше Шиелі ауданының Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Сайлау күні дауыс беру учаскелеріне балаларымен бірге келген отбасылардың қатары көп. Сондай-ақ, саяси науқанда алғаш рет таңдау жасаған және ұжыммен бірге келген мәдениет үйінің қызметкерлері де дауыс беруден тыс қалған жоқ. Спорттық жарысқа қатысушы азаматтар да топтасып келіп, өздері қалаған кандидатқа дауыс берді.

Мұнан бөлек, Отан алдындағы борышын өтеп келген жас азамат бюллетень алып, дауыс берді.

Дауыс беру күні 3 округ бойынша 39 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш қалдырған.

Жаңатұрмысауылдық округі бойынша 545сайлаушы дауыс беруге қатысты. Ауылдық округ әкімі болуға кандидат ретінде 3азамат дауысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысымен Шәкіртаев Балдаурен Тұрсынбайұлы Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Балдаурен Тұрсынбайұлы 1988 жылы туған, ұлты қазақ, «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімі, Байсын ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылған.

Еңбекшіауылдық округі бойынша 738сайлаушы дауыс беруге қатысты. Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 2азамат дауысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысымен Жүсіпов Елдос Айтөреұлы Шиелі ауданы, Еңбекшіауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Жүсіпов Елдос Айтөреұлы 1987 жылы туған, ұлты қазақ, Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Қарғалы ауылдық округі бойынша 513 сайлаушы дауыс беруге қатысты.

Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 азамат дауысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысымен Әбуов Даулетияр Үмбетиярұлы Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Әбуов Даулетияр Үмбетиярұлы 1976 жылы туған, қазақ, «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Шиелі ауданы, Бұланбай бауы ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Айта кетейік, 7 шілде күні Шиелі ауданында Ақмая, Тұран ауылдық округтерінің әкімі сайланады.

Фото: Облыстық сайлау комиссиясы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика