Жексенбі, 15 желтоқсан, 01:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Республикалық «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы басталды

21.11.2023

562

0

quqyqtyq_tartip_sharasy

Қоғамдық орындарда және көшелерде тиісті құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Құқықтық тәртіп» шарасы басталды.

Мемлекет басшысының және Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес республика көлемінде басталған шара барысында тәртіп сақшылары қоғам тыныштығын күзетіп ғана қоймай, түрлі деңгейдегі қылмыстарды болдырмауға жұмыла жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері нөлдік төзімділік қағидатын сақтауға ерекше мән береді.

Жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігін ұстану мақсатында Қызылорда облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының алаңында полицияның кешенді күштерінің жеке құрамына жалпы гарнизондық қызметке тарату жүргізілді. Нұсқаулық  жиынды Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының  бірінші орынбасары полиция полковнигі Шамшидин Амитов өткізді. 

Жиынға облыс әкімдігінің, «Amanat»партиясының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері, еріктілер мен белсенді тұрғындар  қатысты. 

«Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен тәртіп үстемдік құратын ел» — деп Мемлекет басшысы атап көрсетті. Бұл – қоғамдық тәртіпті сақтау саласына аса маңызды міндеттер жүктейді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ойдағыдай жүзеге асыру бағытында халыққа сапалы қызмет етіп, жұртшылықтың мәселелерін терең зерделеп, оны түбегейлі шешу үшін олармен біте қайнасып жұмыс істеуіміз қажет.  
Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, азаматтарымыз жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда тәртіп орнайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші барлықтарыңызды ел тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілгелі отырған шараға біркісідей атсалысуға шақырамын» деді Шамшидин Егенбердіұлы.  
 

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде жалға берілетін пәтерлерді, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстауларды және басқа да шалғай жерлерді, оның ішінде қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысынан тексеру жүзеге асырылатын болады. 

Жиын барысында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып өтті. Өз кезегінде Шамшидин Егенбердіұлы барлық бағыттар бойынша қызметкерлерге жұмысты күшейтуді тапсырып, алда тұрған міндеттерді нақтылады.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика