Жұма, 26 сәуiр, 17:56

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ресейлік ғарышкерлер ел тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

26.10.2022

210

0

Республика күні мерекесі әр өңірде түрлі сипаттағы іс-шаралармен айшықталуда. 

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Ұлттық мерекенің мән-маңызын жоғары деңгеде атап өту туралы тапсырмасы аясында Байқоңыр қаласында тұратын азаматтар үшін түрлі іс-шаралар өткізілуде. Салтанатты түрде Ту көтеру рәсімі өткізіліп, спорттық сайыстар мен мәдени көпшілік концерт көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Бүгінгі мерейлі сәтте ҚР Парламентінің Сенаторлары, мәнерлеп сырғанаудан танымал қазақстандық спортшылар, Қызылорда облысының шығармашылық ұжымдары байқоңырлықтармен бірге Республика күнін атап өтуде.

Ұлттық мерекеге орай ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілдігінің бастамасымен халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін ресейлік ғарышкерлердің мерекелік құттықтауы ұйымдастырылды. 

Станцияда ұзақ мерзімді 68-ші экспедицияның экипажы Сергей Прокопьев, Анна Кикина және Дмитрий Петелин Қазақстанның ғарыштан қаншалықты әдемі екендігі туралы айтып, ғарышкерлерді шығарып салып, қарсы алған қазақ жерінің қонақжайлылығын, Ресей мен Қазақстанның ғарыштағы ынтымақтастығын атап өтіп, бауырлас елге сәттілік тіледі.

ХҒС-68 экипажы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2022 жылдың 21 қыркүйегінде ұшырылған және орбитада алты айдан астам жұмыс істейтін болады.

Тағы да оқыңыз: