Жексенбі, 05 мамыр, 11:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық полицей оқушының ұялы телефонын тауып берді

31.01.2024

161

0

Қызылордалық полицей оқушының ұялы телефонын тауып берді

Маңызды қызметтің жүгін абыроймен арқалап жүрген полицейлер өзінің қызметінде қырағылық танытып және кәсіби деңгейлерінің жоғары екендігін сан мәрте дәлелдеген.

​Бірнеше күн бұрын Қызылорда ҚПБ бастығы  полиция полковнигі Айдар Қасановтың атына қала тұрғыны Ардақ Тоқбергенова өзінің ризашылығын білдірді. 

Хатта Ж.Махамбетова атындағы №43 орта мектебінде оқитын қызы сабақтан шыққан соң кешкілік уақытта ұялы телефонын белгісіз жағдайда жоғалтып алған. Дереу басқарманың «102» арнасына хабарласып  мән-жайды айтқан. №7 әкімшілік аймаққа қарасты жасөспірімдер учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры  Келесов Жандос полиция аға  лейтенанттары Мәлік  Жандос  пен Жұмаділдаев Рахымжан тексеру жұмыстарын жүргізіп, жоғалған ұялы телефонды тауып, жасөспірімге тапсырды.

«Өз кезегінде қала тұрғыны полицейлердің атқарған қызметтеріне рахметін айтып, қызметтік міндеттерін адал атқарып, қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғаларға жеделдетіп көмек көрсетіп жүрген сіздерге алғыс білдіремін»,- дейді Ардақ Әлібекқызы.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: