Сенбі, 14 желтоқсан, 23:31

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық кәсіпкер жерлестерін жұмыспен қамтып отыр

25.08.2022

347

0

Бүгінде өз кәсібін тауып, басқа азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ететін көптеген адамдар бар. Солардың бірі – Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округінің тұрғыны Перизат Бақытжанқызы.

Кәсіпкер бизнеспен айналысқанға дейін ол дүкенде 15 жылдан астам уақыт сатушы болып жұмыс істеді. Осы салада жиған тәжірибесін 2021 жылы «Нұрбек» жеке кәсіпкер тіркеп, азық-түлік дүкенін ашуға түрткі болды.

Қазір мұнда азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар сатылады. Дүкен толық жабдықталған, сондай-ақ кәсіпкер ауылдастарын жұмыспен қамтып отыр.

«Өз клиенттеріңізді тыңдап, олармен жақсы қарым-қатынаста болу маңызды. Жаңа піскен нанның ерте әкелінуі, қосымша касса болуы немесе жиі акциялар ұсыну түрінде де болуы мүмкін. Кейде тіпті тегін пакеттің өзі тұтынушылар үшін маңызды рөл атқарады. Олар әрқашан жайлы қызмет көрсетілетін жерге ұмтылады», – деді Перизат Бахытжанқызы.

Өткен жылы кәсіпкер тауар түрін арттыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалына кеңес алу үшін жүгінді. Одан кейін «СберБанкке» несие алу үшін өтінім беріп, 2021 жылы айналым қаражатын толықтыруға қаржы алды. Жобаны «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдап, несие мөлшерлемесін 6%-ға түсіріп, субсидиялады.

Бұл дүкеннің артықшылығы – айналасында бәсекелестер жоқ, күре жолдың бойында орналасқан. Әрі осы ауылдық округтегі ең қолжетімді бағадағы сауда орны.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика