Сенбі, 02 қараша, 10:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық энергетиктер кәсіби мерекелерін атап өтті

23.12.2022

251

0

Жыл сайын желтоқсан айының үшінші жексенбісі – энергетиктер күні болып белгіленген.

Энергетика саласы – әлеуметтік сала мен индустрияны алға жылжытушы күш, әрі экономиканың алтын өзегі, локомотиві және негізгі діңгегі.

Бұл саладағы биылғы жылдың басты жаңалығы — оңтүстік өңірлерді үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында құны 215 млрд.теңгеден асатын қуаттылығы 240 мегаватт электр энергиясын беретін жаңа жылу электр орталығын салу қолға алынды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен бастау алған жоба «Акса Энерджи» түрік компаниясының инвестициясы есебінен салынады. Нәтижесінде, аймағымыз электр энергиясына тәуелділіктен арылып, өңіріміздің энергия қауіпсіздігі сақталатын болады.

Облыс әкімі мен инвестордың қатысуымен Қызылорда жылу электр орталығы аумағында арнайы капсула салу шарасы өткізілді.

Мереке қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетұлы өңірдің энергетика саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтармен кездесіп, аймақ басшысының құттықтауын жеткізді.

Кездесуде Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен «Қазақэнергиясараптама-Қызылорда» ЖШС-нің бас директоры Жанат Темірбаев, ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Батыржан Көмекбайұлы «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ны, слесарі Жалғас Серікбайұлы және бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның қосалқы станциялар қызметінің шебері Наурыз Әмірұлы, «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК-ң Қармақшы аудандық газ шаруашылығының басшысы Ержан Темірбекұлы да марапат төрінен көрінді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика